Латопрост в каплях — инструкция по применению

Инструкция по применению латопроста в каплях, описание действия препарата, показания к применению капель латопроста, взаимодействие с другими лекарствами, применение латопроста (капли) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Латопрост
Международное название: Латанопрост
Лекарственная форма: Капли глазные 0,005% 2,5мл
Показания к применению:
Атс классификация:
S Средства, действующие на органы чувств
S01 Средства, применяемые в офтальмологии
S01E Противоглаукомные препараты и миотические средства
S01E E Аналоги простагландинов
Фарм. группа:
Противоглаукомные препараты и миотики. Аналоги простагландина. Латанопрост. Код АТХ S01EЕ01
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света месте при температуре от 2 до 8°C. Вскрытый флакон хранить не более 4 недель при температуре не выше 25 °C. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Прозрачный бесцветный раствор, не содержащий видимых частиц

Состав латопроста в каплях

1мл раствора содержит
1мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество латопроста

латанопрост 0,05 мг
0,05 мг латанопрост бар

Вспомогательные вещества в латопросте

бензалкония хлорид, натрия хлорид, натрия гидрофосфат безводный, натрия дигидрофосфат моногидрат, вода для инъекций
бензалконий хлориді, натрий хлориді, сусыз натрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, инъекцияға арналған су.

Показания к применению капель латопроста

  • снижение повышенного внутриглазного давления у пациентов с открытоугольной глаукомой и с повышенным офтальмотонусом
  • снижение повышенного внутриглазного давления у детей с повышенным внутриглазным давлением и глаукомой
  • ашық бұрышты глаукомасы мен офтальмотонусы жоғары емделушілердегі жоғары көзішілік қысымды төмендету
  • көзішілік қысымы жоғары және глаукомасы бар балалардағы жоғары көзішілік қысымды төмендету

Противопоказания латопроста в каплях

  • гиперчувствительность к какому-либо компоненту Латопроста (в том числе в анамнезе)
  • детский возраст до 8 лет
  • Латопросттың қандай да бір компонентіне (соның ішінде сыртартқыдағы) аса жоғары сезімталдық
  • 8 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия капель латопроста

Очень часто (≥1/10):
  • усиление пигментации радужки, незначительная гиперемия конъюнктивы, раздражение глаз (жжение, зуд, ощущение инородного тела), утолщение и удлинение ресниц, увеличение их количества, пигментации
Часто (≥1/100, <1/10):
  • транзиторные точечные эпителиальные эрозии роговицы, в большинстве случаев протекающие бессимптомно, блефарит, болезненные ощущения в глазах
Нечасто (≥1/1000, <1/100):
  • отеки век, сухость глаз, кератит, расплывчатое зрение, конъюнктивит
  • кожная сыпь
Редко (≥1/10,0000, <1/1000):
  • ирит/увеит, макулярный отек, отек и эрозии роговицы, периорбитальный отек, нарушение направления роста ресниц, что может сопровождаться раздражающим действием на глаза, дистихиаз (дополнительный ряд ресниц позади нормально растущих ресниц)
  • астма, ухудшение течения бронхиальной астмы, острые астматические приступы и одышка
  • потемнение кожи век
Очень редко (<1/10,000):
  • ухудшение течения стенокардии у пациентов с существующим заболеванием
  • боль в груди
Неизвестно (не могут быть оценены из имеющихся данных)
  • головокружение, головная боль
  • учащенное сердцебиение
  • миалгия, арталгия
  • герпетический кератит
У детей побочные действия были такими же, как у взрослых. Наиболее частыми побочными действиями были назофарингит и гипертермия
Өте жиі (≥1/10):
  • нұрлы қабық пигментациясының күшеюі, конъюнктиваның болымсыз гиперемиясы, көздің тітіркенуі (ашуы, қышуы, бөгде денені сезіну), кірпіктің жуандауы және ұзаруы, олардың санының артуы, пигментациялар
Жиі (≥1/100, <1/10):
  • мөлдір қабықтың көп жағдайларда симптомсыз өтетін нүктелік эпителиальді транзиторлы эрозиялары, блефарит, көзде ауырсынуды сезіну
Жиі емес (≥1/1000, <1/100):
  • қабақтардың ісінуі, көздің құрғауы, кератит, бұлдырап көру, конъюнктивит
  • тері бөртпесі
Сирек (≥1/10,0000, <1/1000):
  • ирит/увеит, макулярлы ісіну, мөлдір қабықтың ісінуі мен эрозиялары, периорбитальді ісіну, кірпік өсу бағытының бұзылуы, бұл көзге тітіркендіргіш әсер етумен қатар жүруі мүмкін, дистихиаз (дұрыс өсіп тұрған кірпік артынан өсетін кірпіктердің қосымша қатары)
  • демікпе, бронх демікпесі ағымының нашарлауы, жедел демікпе ұстамалары және ентігу
  • қабақ терісінің қараюы
Өте сирек (<1/10,000):
  • осы ауруы бар емделушілердегі стенокардия ағымының нашарлауы
  • кеуденің ауыруы
Белгісіз (қолда бар деректермен бағалана алмайды)
  • бас айналуы, бас ауыруы
  • жүрек соғуының жиілеуі
  • миалгия, артралгия
  • герпестік кератит
Балалардағы жағымсыз әсерлері ересектердегідей болған. Едәуір жиі жағымсыз әсерлері назофарингит пен гипертермия болды.

Особые указания к применению

Латопрост содержит бензалкония хлорид, который может абсорбироваться контактными линзами. Бензалконий хлорид может вызвать раздражение глаза. Частое или длительное использование латанопроста требует тесного наблюдения у пациентов с сухим глазом, или при состояниях, когда имеются дефекты роговицы.

Латопрост может усиливать пигментацию радужки, которая сопровождается постепенным изменением цвета глаз за счет увеличения содержания меланина в меланоцитах стромы радужки. Необходимо информировать пациента до начала лечения о возможном необратимом изменении цвета глаз. Обычно коричневая пигментация, располагающаяся вокруг зрачка, распространяется концентрически к периферии, и вся радужка или её часть могут приобрести более интенсивный коричневый цвет. Изменения цвета радужки развиваются в большинстве случаев медленно и могут оставаться клинически незаметными. Изменение цвета в одном или двух глазах выявляется преимущественно у больных со смешанной окраской радужки, таких как коричнево-голубые, коричнево-серые, желто-коричневые и коричнево-зеленые, которая содержит коричневый цвет как основной. У пациентов с гомогенными голубыми глазами изменения не наблюдались, а у пациентов с гомогенными серыми, зелеными и коричневыми глазами изменения наблюдались очень редко. В ходе клинических исследований не выявлено накопления пигмента в трабекулярной сети или в каком-либо другом отделе передней камеры глаза.

Несмотря на усиление пигментации радужки, у больных наблюдалось снижение внутриглазного давления. Таким образом, лечение Латопростом может быть продолжено у больных, у которых усиливается пигментация радужки. Эти больные должны проходить регулярные обследования и, в зависимости от клинической ситуации, лечение может быть прекращено.

Усиление пигментации радужки обычно встречается в первый год лечения. Редко это происходит в течение второго или третьего года лечения и не наблюдалось после четвертого года лечения. Степень пигментации радужки уменьшается со временем. После отмены препарата не наблюдалось дальнейшего увеличения количества коричневого пигмента, однако уже развившееся изменение цвета может стать постоянным.

При применении Латопроста наблюдалось потемнение кожи век, которое может быть обратимым. Латопрост может постепенно вызывать потемнение, утолщение и удлинение ресниц, увеличение их количества и нарушение направления их роста. Эти изменения обратимы после прекращения лечения. Макулярный отек, в том числе и кистозный встречался в основном, у пациентов с афакией, псевдофакией, повреждением задней капсулы хрусталика или у пациентов с известными факторами риска развития макулярного отека; у этих пациентов Латопрост должен применяться с осторожностью.

Имеются ограниченные данные о применении Латопроста при неоваскулярной и врожденной глаукоме и рекомендуется применять препарат при этих состояниях с осторожностью. Латанопрост не влияет или незначительно влияет на зрачок, но при этом не имеется опыта при острых приступах закрытоугольной глаукомы. Таким образом, рекомендовано использовать латанопрост с осторожностью в таких состояниях до получения большего опыта.

Имеется ограниченный опыт применения препарата у больных астмой. Сообщалось о некоторых случаях обострения астмы и одышке. Поэтому больным астмой необходимо применять препарат с осторожностью. Латопрост должен применяться с осторожностью у больных с герпетическим кератитом в анамнезе и необходимо избегать применения препарата в случаях кератита, вызванного Herpes simplex, и у пациентов с рецидивирующим герпетическим кератитом в анамнезе, особенно связанного с аналогами простагландинов.

Педиатрия
Опыт применения у детей органиченный

Беременность и период лактации
Безопасность применения Латопроста при беременности не установлена. Применение препарата во время беременности представляет потенциальный риск для протекания беременности, для плода и новорожденного. Латонокс нельзя применять во время беременности. Латанопрост и его метаболиты могут проникать в грудное молоко, поэтому нельзя применять этот препарат во время грудного вскармливания, грудное вскармливание должно быть прекращено.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Закапывание глазных капель может вызывать транзиторное ощущение "пелены перед глазами" в течение нескольких минут, что необходимо учитывать при вождении автомобиля и работе с движущимися механизмами.
Латопрост құрамында бензалконий хлориді бар, ол жанаспалы линзалармен абсорбциялануы мүмкін. Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Латопростты жиі және ұзақ пайдалану көзі құрғайтын емделушілерді немесе мөлдір қабық кемістіктері болған жай-күйлерде тығыз бақылауды қажет етеді.

Латопрост нұрлы қабық пигментациясын күшейтуі мүмкін, ол нұрлы қабық стромасы меланоциттерінде меланин құрамының артуы есебінен көз түсінің біртіндеп өзгеруімен қатар жүреді. Емдеуді бастауға дейін көз түсінің қайтымсыз өзгеретіні туралы емделушіні хабардар ету керек. Әдетте қарашықтың айналасында орналасатын қоңыр пигментация шеткергі жақтарға қарай концентрациялы жайылады және бүкіл нұрлы қабық немесе оның бір бөлігі едәуір қанық қоңыр түске айналуы мүмкін. Нұрлы қабық түсінің өзгеруі көп жағдайларда баяу өрбиді және клиникалық тұрғыда байқалмай қалуы мүмкін. Бір немесе екі көздегі түстің өзгеруі негізгі ретінде қоңыр түсі басым болатын қоңыр-көгілдір, қоңыр-сұр, сары-қоңыр және қоңыр-жасыл сияқты нұрлы қабықтың түсі аралас науқастарда анықталады. Көзі гомогенді көгілдір емделушілерде өзгеріс байқалмаған, ал көзі гомогенді сұр, жасыл және қоңыр емделушілерде өзгерістер өте сирек байқалған. Клиникалық зерттеулер барысында пигменттің трабекулярлы торға немесе көздің алдыңғы камерасының қандай да бір басқа бөлігіне жинақталуы анықталмаған.

Нұрлы қабығы пигментациясының күшеюіне қарамастан науқастарда көзішілік қысымның төмендеуі байқалған.

Осылайша, Латопростпен емдеу нұрлы қабығының пигментациясы күшейетін науқастарда жалғастырылуы мүмкін. Бұл науқастар ұдайы тексеруден өтулері тиіс және клиникалық жағдайға байланысты емдеу тоқтатылуы мүмкін. Нұрлы қабық пигментациясының күшеюі әдетте емдеудің бастапқы жылында кездеседі. Емдеудің екінші және үшінші жылы бұл сирек болады және емдеудің төртінші жылынан кейін байқалмайды. Нұрлы қабық пигментациясының дәрежесі уақыт өте келе төмендейді. Препаратты тоқтатқаннан кейін коңыр пигмент мөлшерінің әрі қарай артуы байқалмаған, алайда түстің өзгеруі тұрақты болып қалуы мүмкін.

Латопростты қолданғанда қабақ терісінің қайтымды болуы мүмкін қараюы байқалған. Латопрост кірпіктің біртіндеп қараюын, жуандауын және ұзаруын, олардың саны артуын және өсу бағытының бұзылуын туындатуы мүмкін. Бұл өзгерістер емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Макулярлы ісіну, соның ішінде кистоздылары негізінен афакиясы, жалған факиясы, көз бұршағы артқы капсуласының зақымдануы бар нуқастарда немесе макулярлы ісінудің даму қаупінің белгілі факторлары бар емделушілерде кездескен; бұл емделушілерде Латопрост сақтықпен қолданылуы тиіс.

Латопростты неоваскулярлы және іштен туа біткен глаукомада қолдану туралы шектеулі деректер бар және бұл жай-күйде препаратты сақтықпен қолдану ұсынылады. Латанопрост қарашыққа әсер етпейді немесе болымсыз әсер етеді, бірақ бұл орайда жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамаларында қолдану тәжірибесі жоқ. Осылайша, бұл жай-күйлерде үлкен тәжірибе жинақталғанға дейін латанопростты абайлап қолдану ұсынылады. Демікпесі бар науқастарда препаратты қолданудың шектеулі тәжірибесі бар. Демікпе мен ентігу асқынған кейбір жағдайлары туралы хабарламалар бар. Сондықтан демікпесі бар науқастарға препаратты абайлап қолдану қажет.

Латопрост сыртартқысында герпестік кератиті бар науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс және Herpes simplex туындатқан кератит жағдайларында және сыртартқысында, әсіресе простагландиндер аналогтарына байланысты қайталанатын герпестік кератиті бар емделушілерде препаратты қолданудан аулақ болу керек.

Жүктілік пен лактация кезеңі
Латопростты жүктілікте қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Жүктілік кезінде препаратты қолдану жүктіліктің өтуіне, ұрыққа және жаңа туған нәрестеге зор қаупі бар. Латопростты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Латанопрост пен оның метаболиттері емшек сүтіне өтуі мүмкін, сондықтан бұл препаратты бала емізу кезінде қолдануға болмайды, бала емізу тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көз тамшы дәрілерін тамызу бірнеше минут бойы транзиторлы "көз алдының буалдырлануы" сезімін туындатуы мүмкін, мұны автокөлікті жүргізгенде және қозғалатын механизмдермен жұмыс істегенде ескеру қажет.

Дозировка и способ применения

Взрослые (включая пожилых больных)
По одной капле в пораженный глаз один раз в сутки. Оптимальный эффект достигается при применении Латопроста в вечернее время. Частота применения Латопроста не должна превышать одного раза в сутки, поскольку установлено, что при более частом применении эффективность препарата снижается. Если была пропущена одна доза, то в дальнейшем следует продолжать лечение, вводя следующую дозу как обычно.

Для снижения возможного системного всасывания рекомендуется прижимать область слезного мешка у внутреннего угла глаза кончиком пальца в течение одной минуты. Необходимо это делать немедленно после закапывания каждой капли. Перед инстилляцией глазных капель контактные линзы следует вынимать, а вставить их можно только через 15 минут после закапывания. Если используется более одного глазного препарата местного применения, необходимо вводить их с интервалом не менее 5 минут.

Дети старше 8 лет
Препарат применяют в той же дозировке, как и взрослым.
Ересектер (егде науқастарды қоса)
Зақымданған көзге тәулігіне бір рет бір тамшыдан. Латопростты кешке қарай қолданғанда оңтайлы тиімділігіне қол жеткізіледі. Латопростты қолдану жиілігі тәулігіне бір реттен аспауы тиіс, өйткені едәуір жиі қолданғанда препараттың тиімділігі төмендейтіні анықталған. Егер бір дозаны қабылдауды өткізіп алса, онда келесі дозаны әдеттегідей енгізе отырып, емдеуді әрі қарай жалғастыру керек.

Ықтимал жүйелі сіңуін төмендету үшін көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қапшығын бір минут бойы саусақпен басып тұру керек. Әр тамшыны тамызудан кейін мұны дереу жасау керек. Көз тамшы дәрісін инстилляциялау алдында жанаспалы линзаларды шығарып алу керек, тамызудан кейін 15 минут өткен соң оларды қайта салуға болады. Егер біреуден көбірек жергілікті қолданылатын көзге арналған препарат пайдаланылса, оларды кемінде 5 минуттық аралықпен енгізу керек.

8 жастан үлкен балалар
Препаратты ересектерге арналған дозада қолданады.

Взаимодействие с лекарствами

Латопрост эффективен как в качестве монотерапии, так и в комбинации с другими препаратами, снижающими внутриглазное давление, например, бета-адреноблокаторами (тимолол). Латопрост оказывает аддитивное действие при его применении в комбинации с адреномиметиками (дипивалил адреналин), пероральными ингибиторами карбоангидразы (ацетазоламид) и, по крайней мере, частично аддитивное действие при назначении в комбинации с холиномиметиками (пилокарпин). При назначении комбинированной терапии разные глазные капли следует вводить с интервалом не менее пяти минут.

Использование двух и более простагландинов, аналогов простагландина не рекомендуется из-за возможного парадоксального подъема внутриглазного давления. Исследования взаимодействия препаратов были выполнены только для взрослых.
Латопрост моноем ретінде де, мысалы бета-адреноблокаторлар (тимолол) сияқты көзішілік қысымды төмендететін басқа препараттармен біріктіргенде де тиімді. Латопрост адреномиметиктермен (дипивалил адреналин), ішетін карбоангидраза тежегіштерімен (ацетазоламид) біріктіріп қолданғанда аддитивті, холиномиметиктермен (пилокарпинмен) біріктіріп қолданғанда жоқ дегенде ішінара аддитивті әсер етеді. Біріктірілген емді тағайындағанда әртүрлі көз тамшы дәрілерін кемінде бес минуттық аралықпен енгізу керек. Көзішілік қысымның парадоксальді жоғарылауы мүмкін болғандықтан екі немесе одан да көп простагландиндерді, простагландин аналогтарын пайдалану ұсынылмайды. Препараттардың өзара әрекеттесуін зерттеу тек ересектерде жүргізілді.

Передозировка латопростом в каплях

Симптомы: раздражение глаз и покраснения конъюнктивы, усиление побочных эффектов.

Лечение
: симптоматическое.
Симптомдары: көздің тітіркенуі мен конъюнктиваның қызаруы, жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі
: симптоматикалық.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Латанопрост хорошо проникает через роговицу, при этом происходит гидролиз латанопроста до биологически активной формы - кислоты латанопроста. Максимальная концентрация в водянистой влаге достигается примерно через два часа после местного применения. Препарат распределяется в первую очередь в переднем сегменте глаза, в конъюнктиве и веках. Лишь незначительное количество препарата достигает заднего сегмента глаза. В тканях глаза кислота латанопроста практически не метаболизируется, метаболизм происходит главным образом в печени. Период полувыведения кислоты латанопроста составляет 17 минут. Основные метаболиты - 1,2-динор- и 1,2,3,4,-тетранор-метаболиты не обладают или обладают слабой биологической активностью и выводятся в основном с мочой.
Латанопрост мөлдір қабық арқылы жақсы өтеді, бұл орайда латанопросттың биологиялық белсенді түрі – латанопрост қышқылына дейін гидролизденуі жүреді. Сулы ылғалдағы ең жоғарғы концентрациясына жергілікті қолданудан кейін шамамен екі сағат өткенде жетеді. Препарат бірінші кезекте көздің алдыңғы сегментінде, конъюнктивада және қабақтарда таралады. Препараттың тек болымсыз мөлшері ғана көздің артқы сегментіне жетеді. Латанопрост қышқылы іс жүзінде көз тіндерінде метаболизденбейді, метаболизмі негізінен бауырда жүреді. Латанопрост қышқылының жартылай шығарылу кезеңі 17 минутты құрайды. Негізгі метаболиттері - 1,2-динор- және 1,2,3,4,-тетранор-метаболиттер биологиялық белсенділікке ие емес немесе әлсіз ие болады және негізінен несеппен шығарылады.

Фармакодинамика

Латанопрост (активное вещество препарата Латопрост), аналог простагландина F2α, является селективным агонистом FP рецепторов и снижает внутриглазное давление путем увеосклерального оттока. Латанопрост не оказывает существенного влияния на продукцию водянистой влаги и не влияет на гематоофтальмический барьер.

Снижение внутриглазного давления начинается примерно через 3-4 часа после введения препарата; максимальный эффект отмечается через 8-12 часов. Гипотензивное действие продолжается в течение 24 часов. В терапевтической дозе латанопрост не оказывает или практически не оказывает влияния на внутриглазной кровоток, сердечно-сосудистую и дыхательную системы. Исследования показали, что латанопрост эффективен в качестве монотерапии, выполнены также исследования, которые показывают, что латанопрост эффективнее в комбинации с антагонистами бета-адренэргетиков (тимолол).
F2α простагландині аналогы Латанопрост (Латопрост препаратының белсенді заты) FP рецепторлардың селективті агонисі болып табылады және увеосклералық ағып шығу жолымен көзішілік қысымды төмендетеді. Латанопрост сулы ылғалдың өніміне елеулі ықпал етпейді және гематоофтальмиялық бөгетке әсер етпейді. Көзішілік қысымның төмендеуі препаратты енгізгеннен кейін шамамен 3-4 сағат өткенде басталады; барынша жоғары тиімділігі 8-12 сағаттан кейін байқалады. Гипотензиялық әсері 24 сағат бойы жалғасады. Емдік дозада латанопрост көзішілік қан ағысына, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесіне әсер етпейді немесе іс жүзінде әсер етпейді. Зерттеулер латанопрост моноем ретінде тиімді болатынын көрсетті, сонымен қатар латанопрост бета-адренэргетиктер (тимолол) антагонистерімен біріккенде белсендірек болатынын көрсеткен зерттеулер де орындалған.

Упаковка и форма выпуска

По 2.5 мл препарата разливают в пластиковые флаконы с завинчивающимся колпачком бирюзового цвета с контролем первого вскрытия. По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку картонную.
Алғашқы ашылуы бақыланатын көгілдір түсті бұралып жабылатын қалпақшасы бар пластикалық құтыға 2.5 мл препараттан құйылған. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пашкеге салынған.